/KASE, 07.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 08 ақпанынан
бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009552 ("халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы; EABRb33; 1 000 теңге, 10,0 млрд
теңге; 06.02.24-06.05.24, actual/365) дисконттық облигацияларымен KASE-де
сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb33/
[2024-02-07]