"Сентрас Секьюритиз" АҚ Басқармасының құрамы өзгертілді

07.02.24 13:03
/KASE, 07.02.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 05 ақпанындағы шешімімен Г.А. Дәулетбақова компанияның Басқарма мүшесі болып сайланғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Сентрас Секьюритиз" АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады: Қамаров Т.К., Меланич М.С., Наурызбаев А.Р., Әшімова А.Ж., Дәулетбақова Г.А. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CSEC/csec_board_changes_050224_136.pdf [2024-02-07]