08 ақпаннан бастап Еуразиялық Даму Банкі облигацияларының үш шығарылымы Т+ Тізіміне енгізіледі

06.02.24 17:01
/KACC, 06.02.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 08 ақпанынан бастап жартылай қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелер жасауға жіберілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) Еуразиялық даму банкінің мынадай дисконттық облигациялары енгізілетін болады: 1) KZ2D00009438 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb31); 2) KZ2D00009552 (сектор "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb33); 3) KZ2D00009578 (сектор "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb35). Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2024-02-06]