06 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Exxon Mobil Corporation Company, Inc. US30231G1022 (XOM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

06.02.24 10:23
/KASE, 06.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 14 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Exxon Mobil Corporation (АҚШ) US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 14 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 16 ақпанынан бастап қайта басталады. [2024-02-06]