АҚ "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
05.02.24 14:12
/KASE, 05.02.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, АҚ "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 374 607 108 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып
табылады.
[2024-02-05]