/KACC, 02.02.24/ – KASE Клирингілік орталығы (KACC) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 06 ақпанынан бастап жартылай қамтамасыз ету
шарттарында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелерге жіберілген
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) Еуразиялық даму банкінің
KZ2D00010857 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, EABRb44) дисконттық облигациялары енгізілетін болады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу
тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2024-02-02]