/ҚАЙТАЛАУ/ KASE ASTS+ САУДА-КЛИРИНГІЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОР ЖӘНЕ
ВАЛЮТА НАРЫҚТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ НҰСҚАСЫНА ТЕСТІЛЕУ
ӨТКІЗУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР
02.02.24 15:05
/KASE, 02.02.24, 30.01.24, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2024 жылДЫҢ 03 және 04 ақпанында қор және валюта нарықтарының
ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің (ASTS+) қолданыстағы нұсқасына тестілеу
өткізу жоспарланғанын хабарлайды.
ASTS+ қор нарығын тестілеу үшін келесі өзгерістер мен түзетулер қарастырылған:
1) "KASE Global" секторының шетелдік эмитенттерінің акциялары үшін
жаңа топтар мен тәртіптемелер:
- топтар: GQIL (ЖО ДҚ және ҚҚ (KASE Global) және GQDN (ЖО ДҚ
және ҚҚ (KASE Global USD) ;
- тәртіптемелер: TQKR (Т+ KASE Global Акциялары) және TQKD (Т+
KASE Global USD Акциялары);
2) облигациялар бойынша аукциондар өткізуді ұйымдастырғаны үшін
комиссиялық алымдарды есептеуді өзгерту;
3) 3) MFIX Transactional бойынша Execution report хабарламасында
өтінімнің орындалған бөлігінің дұрыс емес мәнін бере отырып, қатені түзету;
4) 4) бір шектелімді ұлғайту кезінде қатені түзету.
ASTS+ валюта нарығын тестілеу үшін бір шектелім ұлғайған кезде қатені
түзету қарастырылған.
ASTS+ тестілік терминалдарында жоғарыда аталған тәртіптемелерді тестілеу
2024 жылдың 02 ақпанына дейін жүргізіледі.
Байланысты барлық мәселелер бойынша өтініш:
- ASTS+ -ке қосылу – 7 (727) 237 6017 телефоны бойынша
пайдаланушылармен өзара әрекеттесу қызметіне қосылу немесе
support@kase.kz электрондық поштаға жазу
- клирингілік қызметке қатысты – KASE клирингілік орталығына 7 (727) 237
6006 телефоны бойынша немесе clearing@kase.kz электрондық поштаға жазу
- ASTS+ жұмысына байланысты – Сауда-саттық департаментіне
7 (727) 237 6018, 237 6023, 237 6024 телефондары арқылы немесе
trade@kase.kz электрондық поштаға жазу
[2024-02-02]