"Самұрық-Энерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
02.02.24 09:12
/KASE, 02.02.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 8 602 187 дана;
- компанияның 6 311 967 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат
қоры" АҚ болып табылады, оның меншігінде 6 281 242 жай акциясы (компанияның
орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,51 %) бар.
[2024-02-02]