02 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің үш облигациялар шығарылымымен сауда саттық ашылады

01.02.24 15:52
/KASE, 01.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 02 ақпаннан бастап Еуразиялық даму банкінің келесі дисконттық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды: - KZ2D00009438 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb31; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 30.01.24 – 28.01.25, actual/365); - KZ2D00009578 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb35; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 16.01.24 – 16.04.24, actual/365); - KZ2D00010857 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb44; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 23.01.24 – 02.07.24, actual/365). KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/EABR/ [2024-02-01]