/KASE, 31.01.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың
29 қаңтарында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді
қазынашылық міндеттемелері МЕККАМ-9 19—шы шығарылымын
(KZK100000324, MKM009_0019) орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес
2024 жылдың 31 қаңтарында облигацияларды орналастыру бойынша
мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі
365 080 713 177,4 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 29 қаңтар күні Қазақстан қор
биржасында 4,0 млрд МЕККАМ-9 19 шы шығарылымын (KZK100000324,
MKM009_0019) өтеуге орташа саралынған карістілігі жылдық 12,96 %-бен
орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1515092/
[2024-01-31]