"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
31.01.24 17:38
/KASE, 31.01.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 502 040 458 дана;
- компанияның 496 693 666 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып
табылады.
[2024-01-31]