KASE ASTS+ САУДА-КЛИРИНГІЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОР ЖӘНЕ ВАЛЮТА НАРЫҚТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ НҰСҚАСЫНА ТЕСТІЛЕУ ӨТКІЗУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

30.01.24 14:53
/KASE, 30.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылДЫҢ 03 және 04 ақпанында қор және валюта нарықтарының ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің (ASTS+) қолданыстағы нұсқасына тестілеу өткізу жоспарланғанын хабарлайды. ASTS+ қор нарығын тестілеу үшін келесі өзгерістер мен түзетулер қарастырылған: 1) "KASE Global" секторының шетелдік эмитенттерінің акциялары үшін жаңа топтар мен тәртіптемелер: - топтар: GQIL (ЖО ДҚ және ҚҚ (KASE Global) және GQDN (ЖО ДҚ және ҚҚ (KASE Global USD) ; - тәртіптемелер: TQKR (Т+ KASE Global Акциялары) және TQKD (Т+ KASE Global USD Акциялары); 2) облигациялар бойынша аукциондар өткізуді ұйымдастырғаны үшін комиссиялық алымдарды есептеуді өзгерту; 3) MFIX Transactional бойынша Execution report хабарламасында өтінімнің орындалған бөлігінің дұрыс емес мәнін бере отырып, қатені түзету; 4) бір шектелімді ұлғайту кезінде қатені түзету. ASTS+ валюта нарығын тестілеу үшін бір шектелім ұлғайған кезде қатені түзету қарастырылған. ASTS+ тестілік терминалдарында жоғарыда аталған тәртіптемелерді тестілеу 2024 жылдың 02 ақпанына дейін жүргізіледі. Байланысты барлық мәселелер бойынша өтініш: - ASTS+ -ке қосылу – 7 (727) 237 6017 телефоны бойынша пайдаланушылармен өзара әрекеттесу қызметіне қосылу немесе support@kase.kz электрондық поштаға жазу - клирингілік қызметке қатысты – KASE клирингілік орталығына 7 (727) 237 6006 телефоны бойынша немесе clearing@kase.kz электрондық поштаға жазу - ASTS+ жұмысына байланысты – Сауда-саттық департаментіне 7 (727) 237 6018, 237 6023, 237 6024 телефондары арқылы немесе trade@kase.kz электрондық поштаға жазу [2024-01-30]