29 ақпанда "Лизинг Групп" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

30.01.24 14:24
/KASE, 30.01.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 29 ақпанында сағат 15:00-де келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын KASE-ге хабарлады: - қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту; - өзара байланысты мәмілелер жиынтығын мақұлдау туралы. Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/LZGR/lzgr_special_shareholders_meeting_info_290 224_116.pdf [2024-01-30]