"Kaspi Bank" АҚ KZ2C00003028 (CSBNb16) облигациялары айналым
мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
29.01.24 09:18
/KASE, 29.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2024 жылдың 29 қаңтарынан бастап "Kaspi Bank" АҚ (Алматы)
KZ2C00003028 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты,
CSBNb16; 100 теңге, 50,0 млрд теңге; 27.01.15 – 27.01.24; жарты жылдық
купон, жылдық 9,80%; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты
KASE ресми тізімінен шығарылды.
Аталған облигациялар 2015 жылдың 27 қаңтарынан бастап баламалы
алаңның "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілді, 2017 жылғы 01 маусымнан бастап ресми тізімнің негізгі
алаңының "облигациялар" санатында. Олармен сауда-саттық 2015 жылдың
10 сәуірінен бастап ашылды.
[2024-01-29]