"CAPITAL Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00007222 (CLSGb1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

29.01.24 09:14
/KASE, 29.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2024 жылдың 29 қаңтарынан бастап "CAPITAL Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС (Алматы) KZ2P00007222 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, CLSGb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 28.01.21 – 28.01.24; жартыжылдық купон, жылдық 16,00%; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар 2020 жылдың 29 желтоқсанынан бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап ашылды. [2024-01-29]