/KASE, 26.01.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың
26 қаңтарындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
2024 жылы Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
Өзбекстан Республикасына транзитінің көлемі жоспарланған 500 мың
тоннадан 550 мың тоннаға дейін ұлғаяды.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу
кестесіне сәйкес қаңтар айында "ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына 25 мың тонна
Ресей мұнайын жеткізуді қамтамасыз етеді. Ресей мұнайын Өзбекстан
Республикасына "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі
арқылы тасымалдауды 2017 жылы бастаған. Транзит көлемі 2017 жылы
67,9 мың тоннаны, 2018 жылы 35,8 мың тоннаны құрады. 2019-2022
жылдары Ресей мұнайының Қазақстан Республикасы арқылы Өзбекстан
Республикасына транзиті жүзеге асырылмады. 2023 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ
Өзбекстан Республикасына 154,3 мың тонна Ресей мұнайын тасымалдады.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жанрияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_260124_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_260124.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_260124_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-01-26]