/KASE, 25.01.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған
2024 жылдың 18 қаңтарындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп
хабарланады:
дәйексөздің басы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италия Республикасы мен
Ватикан мемлекетіне ресми сапары аясында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы
холдингі" АҚ өзара ынтымақтастықты дамыту және экспорттық сауданы
бірлесіп қолдау жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қойды.
Италияның экспорттық-кредиттік агенттігімен (SACE) өзара түсіністік туралы
меморандумдарға Холдингтің екі еншілес компаниясы – "KazakhExport"
экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ және "Қазақстанның Даму Банк" АҚ
қол қойды.
Құжаттар қазақстандық шикізаттық емес экспорттың көлемін ұлғайтуға және
құрылымын кеңейтуге, сауда және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыруға,
сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі, агросектордағы, көлік және логистика,
энергетика, машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібіндегі
бастамалар мен жобаларды қолдауға бағытталған.
дәйексөздің соңы
Баспасөз релизінің толық нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде
орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_relizs_180124.pdf
[2024-01-25]