25 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында American Electric Power Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

25.01.24 10:03
/KASE, 25.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 09 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, American Electric Power Company, Inc. (АҚШ) US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап қайта басталады. [2024-01-25]