АҚШ Қаржы министрлігінің US912796ZY88 (US_32_2401) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

25.01.24 09:10
/KASE, 25.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912796ZY88 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_32_2401; US 37 621,0 млн; 26.01.23 – 25.01.24, actual/360) дисконттық халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2023 жылдың 20 ақпанынан бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық 2023 жылдың 28 ақпанынан бастап ашылды. [2024-01-25]