25 қаңтардан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ KZ2C00010304 (BTRKb9) облигацияларының саны, шығарылым көлемі және сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпарат өзгертілетін болады

24.01.24 18:03
/KASE, 24.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана) KZ2C00010304 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb9; 1 000 теңге, 250,0 млрд теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигациялары бойынша мынадай ақпарат өзгеретінін хабарлайды: - тіркелген облигациялар саны 250 000 000 данадан 190 000 000 данаға; - облигациялардың шығарылым көлемі 250 000 000 000 теңгеден 190 000 000 000 теңгеге; - сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері облигациялардың номиналды құнынан жылдық 12,00 %-дан жылдық 13,00 %-ға дейін. Аталған облигациялардың шығарылым аңдатпасы өзгертулермен мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrkf9_BTRKb9_izm_220124.pdf [2024-01-24]