Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ KZ2C00010304 (BTRKb9) облигацияларының шығарылым аңдатпасын өзгертулерімен тіркеді

24.01.24 14:27
/KASE, 24.01.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ (Астана) KZ2C00010304 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb9; 1 000 теңге, 250,0 млрд теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 12,00 %; 30/360) облигацияларының Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы 22 қаңтарда тіркеген, және бұрын берілген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыратын, облигацияларды шығару аңдатпасын KASE-ге ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес: - облигациялар шығарылымының саны мен көлемінің азаюына байланысты куәлік ауыстырылды; - облигациялар саны 250,0 млн данадан 190,0 млн данаға дейін азайды; - шығарылым көлемі 250,0 млрд теңгеден 190,0 млрд теңгеге дейін азайды; - сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері жылдық 12,00 %-дан жылдық 13,00 %-ға өзгерді. Аталған облигациялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrkf9_BTRKb9_izm_220124.pdf [2024-01-24]