Клирингілік орталық жүйелі маңызды инфрақұрылымдық қаржы
ұйымдарының қатарына жатқызылған
23.01.24 14:56
/KACC, 23.01.24/ – "KASE Клиринг орталығы" АҚ (Клирингілік орталық, KACC)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылдың
23 желтоқсанындағы № 240 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарын
жүйелі маңызы бар ұйымдардың қатарына жатқызу ережелеріне сәйкес
және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2024 жылдың
19 қаңтарындағы № 17 KACC бұйрығына сәйкес жүйелі маңызды
инфрақұрылымдық қаржы ұйымдарының қатарына жатқызылған.
Бұл қажет болған жағдайда Клирингілік орталық қысқа мерзімді өтімділік
тапшылығын жою үшін Ұлттық Банктен соңғы сатыдағы қарыз ала алатынын
білдіреді.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда Ұлттық Банктен қаржылық көмек алу
мүмкіндігі ESMA (European Securities and Markets Authority) үшінші елдің
орталық контрагенті ретінде танылуын алудың қажетті шарттарының бірі
болып табылады.
[2024-01-23]