Қазақстан Қаржы министрлігі 16 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 15-ші шығарылымының (KZKD00001186, MUM180_0015) облигацияларын өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 12,12 %- бен орналастыра отырып, 47,8 млрд теңге тартты

18.01.24 17:43
/KASE, 18.01.24/ – Осыдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ-180 15-ші шығарылымының (KZKD00001186, MUM180_0015) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 18 қаңтарында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 47 846 982 029,7 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 16 қаңтар күні KASE-де 50,2 млн МЕУКАМ-180 15-ші шығарылымын (KZKD00001186, MUM180_0015) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 12,12 %-бен орналастырды" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1514361/ [2024-01-18]