19 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "ЭКО - Қаржы микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010598 (MFECb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылды

18.01.24 15:23
/KASE, 18.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2024 жылдың 19 қаңтарынан бастап "ЭКО - Қаржы микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010598 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, 1 000 теңге, 200,0 млн теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 24,00 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFECb1/ [2024-01-18]