16 қаңтардан бастап KASE-де төрт атаудағы ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

16.01.24 10:58
/KASE, 16.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 қаңтарынан бастап KASE-де репо операциялары бойынша келесі ETF бағалы қағаздары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлады, аталған бағалы қағаздар бойынша KASE орталық контрагент қызметін жүзеге асырады және олар бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 02 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді: 1) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF; 2) US4642885135 ("KASE Global" сектор, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF; 3) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF; 4) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF. Сауда-саттық KASE-нің ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидасының" 11-2 бабының 10) тармағына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 02 ақпанында аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 05 ақпанынан басталады. [2024-01-16]