16 қаңтардан бастап KASE-де төрт атаудағы ETF бағалы қағаздарымен
сауда-саттық уақытша тоқтатылды
16.01.24 10:58
/KASE, 16.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 қаңтарынан
бастап KASE-де репо операциялары бойынша келесі ETF бағалы қағаздары
бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлады, аталған бағалы
қағаздар бойынша KASE орталық контрагент қызметін жүзеге асырады және
олар бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 02 ақпанына және одан кейінгі
күндерге сәйкес келеді:
1) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year
Investment Grade Corporate Bond ETF;
2) US4642885135 ("KASE Global" сектор, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High
Yield Corporate Bond ETF;
3) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment
Grade Corporate Bond ETF;
4) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin
Strategy ETF.
Сауда-саттық KASE-нің ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру
қағидасының" 11-2 бабының 10) тармағына сәйкес KASE-де 2024 жылдың
02 ақпанында аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін
тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 05 ақпанынан
басталады.
[2024-01-16]