"Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00002475 (EUBNb13) облигацияларының
өтелгені туралы хабарлады
15.01.24 09:45
/KASE, 15.01.24/ – "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор
биржасына (KASE) 2024 жылдың 10 қаңтарында өзінің KZ2C00002475
(EUBNb13) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, өтеу шеңберінде
көрсетілген облигациялар бойынша соңғы – 20-шы купондық сыйақы
төленді.
Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің
жалпы сомасы 3 085 049 000,00 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш
(облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 2 952 200 000,00 теңге,
20-шы купондық сыйақы – 132 849 000,00 теңге.
[2024-01-15]