"TAS FINANCE GROUP"МҚҰ" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) KZ2P00010788 (MFTSb2) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

12.01.24 17:00
/KASE, 12.01.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылғы 12 қаңтарда "TAS FINANCE GROUP"МҚҰ" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) (Абай обл.) kz2p00010788 (500 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 2,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,50%; 30/360) облигациялары баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығарылымы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 01 желтоқсанда 30,0 млрд теңге сомаға тіркеген "TAS FINANCE GROUP "МҚҰ (ТАС ФИНАНС ГРУПП) ЖШС облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады. Аталған облигацияларға MFTSb2 қысқартылған белгісі (сауда-саттыөқ коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-01-12]