15 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00010718 (LZGRb6) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

12.01.24 16:12
/KASE, 12.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KZ2C00010718 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты; LZGRb6; $ 1 000, $ 5,0 млн; 25.12.23-25.09.24; купон айналыс мерзімінің соңында бір рет төленеді, 9,90 % жылдық; 30/360) облигацияларының KASE -де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/LZGRb6/ [2024-01-12]