"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылы "Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағытындағы мұнай экспортының көлемін 1,4 млн тоннаға дейін ұлғайтады

12.01.24 14:36
/KASE, 12.01.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 12 қаңтарындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2023 жылдың 12 айында Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 3 миллион 376 мың тоннаны құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 миллион 108 мың тоннаға көп. Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы «БакуТбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің 250 мың тоннадан 1 млн 392 мың тоннаға дейін ұлғаюымен байланысты. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артық. Теңіз кенішінен осы бағыт бойынша 1 миллион 057 мың тонна мұнай жөнелтілді. Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 984 мың тонна мұнай жөнелтілді. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдауды арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кенішінен "Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағытында жылына 1,5 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдлемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_120124_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_120124.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_120124_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-01-12]