/KASE, 12.01.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың
12 қаңтарындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
2023 жылдың 12 айында Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа
тасымалдау көлемі 3 миллион 376 мың тоннаны құрады. Бұл 2022 жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 миллион 108 мың тоннаға көп.
Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы
«БакуТбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында жөнелтілетін шикізат
көлемінің 250 мың тоннадан 1 млн 392 мың тоннаға дейін ұлғаюымен
байланысты. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге
артық. Теңіз кенішінен осы бағыт бойынша 1 миллион 057 мың тонна мұнай
жөнелтілді.
Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай
1 млн 984 мың тонна мұнай жөнелтілді.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдауды арттыруды тапсырды.
Осы тапсырмаға сәйкес "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Әзірбайжан
Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кенішінен
"Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағытында жылына 1,5 миллион
тоннаға дейін мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдлемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_120124_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_120124.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_120124_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-01-12]