/KASE, 09.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
09 қаңтарынан бастап "Еуразиялық банк" АҚ-ның kz2c00002475 (EUBNb13)
облигацияларын негізгі алаңының (KASE_BM* сериясы) корпоративтік
облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімінен
олардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты (09 қаңтар – өтеу
кезінде тізілімді тіркеу күні) алып тастады.
2024 жылдың 09 қаңтарынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының
өкілдік тізімі 58 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бойынша жинақталған сыйақыны
есепке алмағанда олардың бағалары бойынша ("таза" бағалар бойынша)
есептелетін баға индексі.
Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланған
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2024-01-09]