/KASE, 09.01.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" (Бірінші
Ломбард) ЖШС (Алматы) KZ2P00010010 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, MFBLb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 10.10.23 –
10.10.25; тоқсандық купон; жылдық 24,00 %; 30/360) облигацияларына
жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізіледі.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі –
Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі –
500 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 09 қаңтарында
сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым
аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін Сатушыға беру күні – 2024 жылдың
09 қаңтары; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға
беру күні – 2024 жылдың 09 қаңтары; есеп айырысуды жүзеге асыру күні
мен уақыты – 2024 жылдың 09 қаңтары, Астана қаласы уақытымен
14:00. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ
жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай
мәліметтер кіреді:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСНы немесе заңды тұлғаның БСНы.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/kz/bonds/show/MFBLb2/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2024-01-09]