08 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "BASS Gold" ЖШС KZ2P00010630 (FPSTb3) облигацияларымен сауда-саттық ашылды

08.01.24 11:47
/KASE, 08.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2024 жылдың 08 қаңтарынан бастап "BASS Gold" ЖШС (Ұлытау обл.) KZ2P00010630 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FPSTb3; $100, $2,0 млн; 91 күн; actual/actual) дисконттық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/FPSTb3/ [2024-01-08]