"ЭКО - Қаржы микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010598 (MFECb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

29.12.23 10:07
/KASE, 29.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 28 желтоқсанында "ЭКО - Қаржы микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010598 (1 000 теңге, 200,0 млн теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 24,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "ЭКО - Қаржы микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритис" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 01 желтоқсанында 1,0 млрд теңге сомаға тіркеген "ЭКО - Қаржы Микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. Аталған облигацияларға MFECb1 қысқартылған белгісі (саудасаттық коды) берілді. "ЭКО - Қаржы микроқаржы ұйымы" ЖШС қызметінің негізгі түрі – микрокредиттер беру. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-12-29]