"First Heartland Jusan Bank" АҚ Басқарма құрамы өзгертілді

28.12.23 16:28
/KASE, 28.12.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 22 желтоқсанындағы шешімімен Е.Е. Арғынов Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары болып сайланғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "First Heartland Jusan Bank" АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады: Маңғытов А.А., Туманова О.А., Джабаев А.Е., Шерматов Ш.Ж., Арғынов Е.Е. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_board_changes_221223_.pdf [2023-12-28]