"Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) Қазақстан қор биржасында жазылым жүргізу арқылы KZ2P00010010 (MFBLb2) облигацияларын өтеуге кірістілігі жылдық 24,00 %-бен орналастыра отырып, 399,9 млн теңге тартты

28.12.23 16:21
/KASE, 28.12.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасында (KAS)E сауда-саттық жүйесінде Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) (Алматы) KZ2P00010010 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 10.10.23 – 10.10.25; тоқсандық купон; жылдық 24,00%; 30/360) облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "BCC Invest" АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) еншілес ұйымы болды. Орналастыруға номиналды көлемі 500 000 000 теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 28 желтоқсанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін жүргізілді. Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты. Сауда жүйесіне барлығы номиналды көлемі 399,9 млн теңге облигацияларды сатып алуға бір шектелімді өтінім берілді, ол өтінімдерді жинау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Берілген өтінімдегі таза баға номиналдың 99,9797 % (жылдық 24,00 %) құрады. Сұраным ұсынымның 76,0 % құрады. Орналастыру нәтижелері бойынша өтінім толық көлемде қанағаттандырылды. Жалпы сомасы 399 874 287,1 теңгеге 380 182 облигация орналастырылды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәміле осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-12-28]