/KASE, 28.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен
2023 жылдың 28 желтоқсанынан бастап Global X Robotics & Artificial
Intelligence ETF US37954Y7159 (сауда коды – BOTZ_KZ) ETF бағалы
қағаздары KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді.
Аталған бағалы қағаздарға рұқсаттама бастамашысы "Halyk Finance
"Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы) болып табылады.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны
туралы қосымша хабарланатын болады.
Көрсетілген бағалы қағаздар туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме
бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/mifs/show/BOTZ_KZ/
[2023-12-28]