/KASE, 27.12.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
(Астана) 2023 жылдың 26 желтоқсанында жай акциялар бойынша жалпы
сомасы 238 026 881 919,24 теңгеге 2022 жылға дивидендтер төленгені
туралы хабарлады.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkz_dividends_261223_7326.pdf
[2023-12-27]