"Лизинг Групп" АҚ KZ2C00009249 (LZGRb5) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

27.12.23 09:04
/KASE, 27.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KZ2C00009249 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb5; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге, 27.12.22 – 27.12.23; жартыжылдық купон, жылдық 20,25%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар 2022 жылдың 22 желтоқсаннан бастап баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 05 қаңтарынан бастап ашылды. [2023-12-27]