27 желтоқсаннан бастап "FD Collection" коллекторлық агенттігі" ЖШС KZ2P00010689 (FDCOpp1) облигациялары KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізілетін болады

26.12.23 17:57
/KASE, 26.12.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылғы 25 желтоқсанда "FD Collection" коллекторлық агенттігі" ЖШС (Алматы) KZ2P00010689 (FDCOpp1; 1000 теңге; 10,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 20,00 %; 30/360 облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/bonds/show/FDCOpp1/ [2023-12-26]