26 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

26.12.23 10:00
/KASE, 26.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 26 желтоқсанынан бастап KASE олармен жасалған репо операциялар бойынша орталық контрагент функцияларын атқаратын және есеп айырысу күні 2024 жылдың 12 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін Freeport-McMoRan (АҚШ) US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акцияларымен бойынша сауда-саттықты тоқтататынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 12 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 15 қаңтарыннан бастап қайта басталады. [2023-12-26]