"Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) KZ2P00010010 (MFBLb2) облигацияларына жазылу өткізілмеді деп жарияланды

25.12.23 18:00
/KASE, 25.12.23/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) (Алматы) KZ2P00010010 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 10.10.23 – 10.10.25; тоқсандық купон; жылдық 24,00%; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "BCC Invest" АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) еншілес ұйымы әрекет етті. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 25 желтоқсанда Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін жүргізілді. Орналастыруға номиналды көлемі 500 000 000 теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданды. KASE бірде-бір шектелімді қарсылама өтінімді қабылдамағаны себебінен жазылым өткізілмеді деп танылды және жарияланды. [2023-12-25]