26 желтоқсаннан бастап "Amanat" сақтандыру компаниясы" АҚ
KZ1C00000603 (AMIN) жай акциялары олардың эмитентінің бастамасы
бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады
25.12.23 17:05
/KASE, 25.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік
комиссиясының 2023 жылдың 25 желтоқсанындағы шешімімен KASE ресми
тізімінен "Amanat" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) KZ1C00000603
(KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, AMIN) жай акциялары алынып
тасталды.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 26 желтоқсанынан
бастап күшіне енеді.
Бұл шешім "Amanat" сақтандыру компаниясы" АҚ-ның KASE ресми тізімінен
көрсетілген акциялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды.
Аталған акциялар 2007 жылдың 04 қаңтарынан бастап KASE ресми тізіміне
"B" санаты бойынша енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE
ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторында болды.
Олармен сауда-саттық 2010 жылдың 23 қарашасынан бастап ашылды.
[2023-12-25]