26 желтоқсаннан бастап екі атаудағы пайлар Т+ Тізіміне енгізіледі

22.12.23 14:59
/KACC, 22.12.23/ – "KASE клиринг орталығы" АҚ (KACC) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 26 желтоқсанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) мынадай бағалы қағаздар енгізілетін болады: 1) "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит-Валютный" ИИПҚ KZPF00000058 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCI_cc); 2) "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит-Валютный" ИИПҚ KZPF00000231 пайлары (инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIrb). Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тәзәмәне енгізу тәртібі KACC интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2023-12-22]