21 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында 2023 жылдың желтоқсанында орындалатын фьючерстер жабылды

22.12.23 10:18
/KASE, 22.12.23/ – 2023 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан қор биржасында (KASE) 2023 жылдың желтоқсанында орындалатын келесі фьючерстер бойынша есеп айырысу жүргізілді: - "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына, сауда-саттық коды – HSBK-12.23; - "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акцияларына, торговый код – KZAP-12.23; - KASE индексіне, сауда-саттық коды – KX-12.23; - АҚШ долларының теңгеге бағамына, сауда-саттық коды – US-12.23; - Ресей рублінің теңгеге бағамына, сауда-саттық коды – RU-12.23. HSBK-12.23 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы бір акция үшін 159,32 теңгені құрады. KZAP-12.23 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы бір акция үшін 18 116,13 теңгені құрады. KX-12.23 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы 4 154,53 пунктті құрады. US-12.23 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы бір АҚШ доллары үшін 458,89 теңгені құрады. RU-12.23 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы рубль үшін 5,02 теңгені құрады. [2023-12-22]