/KASE, 22.12.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 21 желтоқсанында
өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы
KASE хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, банктің жай және артықшылықты акциялары
бойынша бір акцияға 2 300 теңге мөлшерінде 2022 жылға дивидендтер
төлеу туралы шешім қабылдады. Дивидендтер төлеудің басталу күні –
2023 жылдың 21 желтоқсаны.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_special_shareholders_meeting_results_211223_145.pdf
[2023-12-22]