/KASE, 22.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) хабарлайды:
2023 жылдың 25 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard"
(Бірінші Ломбард) ЖШС (Алматы) KZ2P00010010 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, MFBLb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл;
10.10.23 – 10.10.25; тоқсандық купон; жылдық 24,00 %; 30/360) облигацияларына
жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізіледі.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ
еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 5300 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 18 қазанында сағат 10:00-ден
12:00-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектеулі
өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың
25 желтоқсаны; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға
беру күні – 2023 жылдың 25 желтоқсаны; есеп айырысуды жүзеге асыру
күні мен уақыты – 2023 жылдың 25 желтоқсаны, Астана қаласы
уақытымен 14:00. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай
мәліметтер кіреді:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСНы немесе заңды тұлғаның БСНы.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/kz/bonds/show/MFBLb2/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-12-22]