21 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында AT&T Inc. US00206R1023 (T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

21.12.23 09:58
/KASE, 21.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 21 желтоқсанынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 қаңтарына және одан кейінгі күндерге келетін, AT&T Inc. (АҚШ)US00206R1023 ("KASE Global" секторы, T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын KASE-де хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 қаңтардан бастап қайта басталады. [2023-12-21]