21 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.

21.12.23 09:47
/KASE, 21.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 21 желтоқсанынан бастап, олармен жасалған репо операциялары бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2024 жылдың 26 қаңтарына және одан кейінгі күндерге келетін, Pfizer Inc. (АҚШ) US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 26 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 29 қаңтардан бастап қайта басталады. [2023-12-21]